Шымкентте сталкинг фактісі бойынша үкім шықты. Ер адам әйелдің еркіне қарсы онымен байланыс орнатуға тырысқан. Ол жәбірленушіні аңдып, зорлық-зомбылықсыз, бірақ елеулі зиян келтіруге алып келген заңсыз қудалау әрекеттері үшін айыпталған.
Іс, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Сотталушың кінәсі жиналған құжаттармен толық дәлелденген. Прокурор соттан сотталушыға қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындауды сұраған.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын ниетпен өкінуін ескерді. Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушы ҚК-нің 115-1 бабымен кінәлі деп танылып, сот оған 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын тағайындады.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, қалалық полиция қызметкерлері Шымкенттік әйелдерге қатысты сталкинг фактілерін анықтаған болатын. Жәбірленушілер, құзырлы орган өкілдеріне хабарласып, өздерінің қыр соңынан қалмай жүрген жандардың бар екенін жеткізген. Тез арада, жедел шара жүргізген полицейлер, екі күдіктіні ұстады. Оның бірі, жәбірленушімен бұрын соңды қарым-қатынаста болғанын алға тартып, әбден мезі еткен. Ал, екіншісінің әрекеті физикалық күш қолданумен аяқталған.
Нұргүл Жолымбетова
