Úı ANONS «Халық Конституциясы» коалициясы Түркістан облысына келді

«Халық Конституциясы» коалициясы Түркістан облысына келді

Жалпыұлттық «Халық Конституциясы» коалициясы Түркістан облысы аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жаңа Ата заң жобасының негізгі басым бағыттары талқыланды. Конгресс-холл кешенінде өткен жиында мыңнан аса тұрғын бас қосты.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Жиында сөз сөйлеген «Дара Ұрпақ» қоғамдық қорының директоры ата-ананың жауапкершілігін айқындайтын нормаға қатысты өз көзқарасын жеткізді.

РУХАБЗА ХАЛДАРБЕК,«ДАРА ҰРПАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Әрине конституцияда бап көп. Бірақ отбасы істері және осал топтағы әйелдер мен балалардың мүмкіндіктерін арттыру бағытында жұмыс жасайтын маман ретінде мен үшін 30 бап ерекше. Себебі жаңа конституцияда отбасы ұғымы институты анық көрсетілген. Ол жерде ең бастысы ана, әке , бала отбасы мемлекет қорғауында болады деген. Ондай үштік біздің мемлекеттің тұрақтылығын сақтау»

Еске сала кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы 12 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300-ге тарта қоғамдық ұйым кірді. Олар шамамен 5 миллион қазақстандықты біріктіреді.

Лаура Бабас