Ата заңның мәтініне 84 пайыз өзгерістер енгізілмек. Конституцияның басты басымдығы, адам құқығы. Яғни, жаңа Конституция, бұл тек заңдық құжат емес, ол азаматтардың құқықтарын қорғауға, әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Осыған орай, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен жаңа Конституция жобасын түсіндіру және талқылау бойынша арнайы отырыс өтті. Жиында қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар мен сала мамандары өз пікірлерін білдіріп, қоғамның ел тағдырына бейжай қарамайтынын жеткізді.
Президенттің бастамасымен ұсынылған саяси реформалар қоғамда кең қолдау тауып отыр. Соның ішінде бір палаталы парламент құру мәселесі қызу талқылауға түсті. Бұл бастама заң шығару үдерісін оңтайландырып, халықтың үнін билікке жақындатуға бағытталған. Ал, жалпы ұсынылған Конституциялық реформада 11 бөлім және 104 бап бар. Ата заңның барлық бөлімдерін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілді. Жалпы заңдағы мәтінінің 84%-ы өзгерді. Осыған орай, жиынға қатысушылар жеке-жеке баптарды қарастырып, талқыға салды.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ: «Реформаны жалпыұлттық деңгейде талқылау осы уақытқа дейін, қазан айынан бастап талқылау орын алды. Екі мыңнан астам ұсыныстар қаралған болатын. Қаңтар айында орын алған ұлттық Құрылтай отырысында Президентіміз парламенттік реформаны іске асыру бойынша өзгерістерге қатысты пікір білдіріп өткен болатын. Соның қорытындысы нәтижесінде, 21 қаңтарда Конституциялық реформа жөнінде коммисия құрылды».
Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты адам құқығын қорғау екені атап өтілді. Жаңа Конституция жобасы азаматтардың сотқа жүгіну құқығын кеңейтіп, әділдік қағидаттарын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоғамда заң үстемдігіне деген сенімді арттыра түседі деді жиынға қатысушылар. Ал, жалпы ел бойынша екі мыңға жуық ұсыныс келіп түскен. Азаматтар тарапынан түскен пікірлер мен бастамалар негізінен адам құқықтарын қорғау, сот жүйесінің әділдігін қамтамасыз ету және билік институттарына деген сенімді нығайту мәселелерін қамтыды.
БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Азаматтардың құқықтық міндеттері мен бостандықтары, билік жүйесінің құрылымы, әлеуметтік басымдықтар, және елдің алдағы 10 даған жылдарға арналған даму стартегиясы қаралған. Жаңа конституциясында жобасында басты өзектілердің бірі, адамның өмірін, құқықтары мен қадір-қасиетін мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде тану, бұл қағида конституцияның кіріспесіндетікелей бекітілген».
Бұл өзгерістер маңызды әрі ақылға мұқият салынған қадам, олар тұжырымдамалық тәсілдерді өзгертіп, құқықтық дәлдікті нығайтып, Конституцияның сапасын арттырады дейді қоғам белсенділері.
Нұргүл Жолымбетова


