Úı ANONS Қаратау ауданының тұрғындары жарықтың жиі өшетініне шағымданды

Қаратау ауданының тұрғындары жарықтың жиі өшетініне шағымданды

фото astanamg.kz

 

Қаратау ауданының әкімі мен мәслихат депутаттары аудан тұрғындарымен кездесті. Жауапты мамандар былтыр және биыл атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді. Әсіресе, электр жарығының жиі өшуі мен кәріз жүйесіндегі түйткілдер сөз болды. Жауапты сала мамандары қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.