Мәдениет және ақпарат министрлігі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру тәртібін өзгертті. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі хабарлады. Кесене аумағына қоршау қойылған. Аумаққа арнайы қойылған турникеттер арқылы ғана кіруге болады. Бұл тәртіп кешеден бастап күшіне енген.
«Бұл аса маңызды істің мақсаты – бүкіл түркі әлемінің рухани ордасы, мемлекетіміздің мақтанышы, ұлт руханиятының ұстыны саналатын киелі кесененің сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік деңгейін арттыру және террористік сипаттағы ықтималды төмендету, сонымен қатар, келушілер қозғалысын реттеп, аумақта жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен бақылауын күшейту»
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ
Кесене аумағына кіру үшін әуелі билет сатып алады. Құжаттарын көрсетіп, қауіпсіздік құралдарымен тексерілген соң ғана кесене аумағына өтеді.
Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 2024 жылы мемлекеттік қорғауға алынған.
Дилара Иса





