2026 жылдың 22 ақпанына Шымкент қаласы бойынша сайлаушылар саны 695 145 адамды құрады. Қосымша тізімге 1 115 адам әскери қызметшілер және 560 студент қосылды. (өткен референдуммен салыстырғанда сайлаушылар саны 31 726 адамға немесе 4,5% өсті), бұл 100%-ға «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қатесіз енгізілді.
Республикалық Референдум өткізуге Шымкент қаласы бойынша 369 референдум комиссиялары қатысады деп жоспарланып отыр.
Олар: 6 аумақтық (1 қалалық, 5 аудандық) және 363 учаскелік референдум комиссиялары, оның ішінде 24-і жабық референдум учаскелері (емханалар, тергеу изоляторлары, қарттар үйлері және әскери бөлімшелері).
Референдум комиссияларының мүшелер саны – 2 867, оның 42 — аумақтық, 2 825 – учаскелік комиссия мүшелері.
Комиссия мүшелерінің — 2 290 (81,2%) саяси партиялардан, 519 адам (18,8%) қоғамдық ұйымдардан, жоғары тұрған АСК – 58 адам (2,0 %). Олардың: 1060 (37%)- Ер азамат, 1807 (63%) — әйел азаматы
Бүгінгі күнге вакансия жоқ.
Барлық 363 референдум учаскесі материалдық-техникалық жабдықтармен, дауыс беруге арналған жәшіктер, дауыс беруге арналған кабиналар, ақпараттық стендтер, мүгедектігі бар азаматтарға арналған бұрыштар, жолақтармен толық қамтамасыз етілген.
Ағымдағы жылдың 22 ақпанында аудан әкiмдері қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн акт бойынша учаскелік референдум комиссияларына өткізіліп, нәтижесінде қала бойынша сайлаушылардың нақты саны – 695 145 адамды құрады.
Қазіргі таңда Шымкент қаласының шешімімен 695 145 адамның 1 пайызымен есептегенде 6 951 данада есептен шығару куәліктері дайындалып, 26 ақпанында учаскелерге таратылды.
Яғни, а.ж. 27 ақпанынан бастап 14 наурызға дейін сайлаушылар куәліктерді учаскелерден алуға мүмкіндігі бар.
Шымкент қаласының референдум комиссиялары Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес, тиісті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуде.

