Úı Jańalyqtar Шымкентте есірткі тасымалдаған ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Шымкентте есірткі тасымалдаған ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

фото egemen.kz

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз өткізумен айналысқан күтіктіні ұстады.

Тексеру кезінде ер адамнан таратуға дайындалған ұнтақ түріндегі зат салынған орамалар тәркіленді.

Күдіктінің уақытша тұрып жатқан мекенжайына жүргізілген тінту барысында психотроптық заттардың қосымша партиялары және оларды бөліп-орауға арналған құралдар табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 250 грамнан асты.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті есірткі заттарын интернет-мессенджер арқылы таратып, ақысын электронды төлем жүйелері арқылы алып отырған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған жайт бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.