Úı ANONS Шымкенттің бас полицейі тағайындалды

Шымкенттің бас полицейі тағайындалды

фото kz.otyrar.kz

Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы болып Мұхтар Жұмабайұлы Қожаев тағайындалды. Жаңа басшыны полиция ұжымына Ішкі істер министрі Ержан Саденов таныстырды. Тағайындау министр бұйрығымен және Президент Әкімшілігінің келісімімен жүзеге асқан.

Мұхтар Қожаевтың жасы 49-да. Полиция генерал-майоры. ҚР ІІМ Алматы заң институтын бітірген. Қызмет жолы: 1999 ж. — Ақтау қалалық ІІБ тергеушісі
2007–2010 жж, Ақтау қалалық ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары
2012–2018 жж, ҚР ІІМ Тергеу комитеті мен Тергеу департаментінде басшылық қызметтер, 2018 ж. — Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары, 2023 ж. желтоқсан — ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.

Мұхтар Қожаев тергеушіден бастап орталық аппарат департаментінің басшысына дейінгі қызмет жолынан өткен, басқарушылық және тергеу саласында мол тәжірибесі бар.

Тағайындаудан кейін Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент қаласының полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізді. Кеңеске қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Министр полиция жұмысына сын айтып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тергеу сапасын арттыру және тәртіпті күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.