Үй бар, бірақ сол үйге апаратын жол жоқ. Балшыққа батқан Тұран шағын ауданының тұрғындары арнамызға шағым айтып хабарласты. Олардың айтуынша, жаңбыр жауып, қар еріген соң, ауласы мен жолды су басқан. Тіпті, жүрер аяқ таппай қалдық деп отыр. Олардың жанайқайымен бөлісіп қайтқан тілшіміз тарқатады.
Бұл таулы аймақ емес. Бұл Тұран 2 шағынауданы. Әлеуметтік осал топтарға берілген үйге апарар жол. Дәл осы балшықпен балалар мектепке барып, үлкендер жұмысқа қатынауға мәжбүр. Өйткені, бірер күн бұрын жауған толассыз жаңбыр суы жиналып, аяқ жолдың талқанын шығарған.
ГҮЛНӘЗ БАБАХОДЖАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Желтоқсанда балалар өте алмай жатыр деп барғанмын. Жол басқармасының басшысына да жаздым. Наурыз келсін деді. Балаларым бір апта сабаққа бармай, бүгін шығардым. Ахуал міне осындай».
«Ең бастысы жедел жәрдем. Мүгедектігі бар адамдарға бергеннен кейін, жедел жәрдемді ойлап беру керек еді. Ойламады ма, апаттық жағдайда. Қоқысымыз жатыр». атылып.
Осылайша аудандық әкім, мәселенің шешімін тапқандай болды. Талай күннен бері, осы жолдың әуресімен жүрміз деп отыр. Бастапқыда жол қаралмаған соң, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау қиын болып тұр дейді. Десе де, бұл проблеманың тігісін жатқызып, балаларға тас төсеуіш төсеп берген. Ал, жедел жәрдем мен өзге де көліктер үшін ойдым-ойдым болса да жол ашып, жағдай жасаған.
АЛМАС АБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бұл жерде асфальт қабаты болмаған. Топырақ болғандықтан, ауыр техника жүру мүмкіндігі жоқ. Басқа қосымша жол жеңіл машинаға жасап бердік. Қазіргі таңда тұрғындармен келісім бойынша жолды бастап істеп көріңіздер дедік. Тенхика жүре алатын болса, қалпына келтіру жұмыстарын мамандар жасап көреді. Болмаса жердің кепкенін күтеміз».
Ал, үйді салған жауапты мердігер мекеме «Арт құрылыс» ЖШС-нің мамандары жол мәселесі шешілмей су жинала береді деп қысқа қайырды. Егер, кәріз жүйесі суға толып, тұрғындарды әбігерге түсірсе, реттейміз деп отыр.
ҚАЗЫБЕК ШАЛДАРБЕК, «АРТ-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ЗАҢГЕРІ: «Мына жерге жол жасалып, лоток қойылмағанша судың жиналғаны жиналған болады. Ал үйдің астына су өту бойынша үйдің асты 9 метрге дейін котлаван қазылады. Мәселе болмайды деп ойлаймын. Үйден соң, жол жолдан соң лоток салыну керек еді. Негізі барлығы ескерілген. Әкімшілік үйді қабылдап алған соң, ол жағын ескеру керек шығар деп ойлаймын.»
Әкімдік өкілдері бұл мәселені ескерді ме? Әлде алдағы уақытта назарға алады ма? Бізге белгісіз. Бірақ, тұрандық тұрғындар бірер аптада балшықпен жүріп тұруға мәжбүр. Өйткені, тау болып үйілген балшықтың жылдам кебуі екі талай. Өйткені, ауа райы айтып келмейді.
Нұргүл Жолымбетова
