Úı ANONS Ұйымдасқан қылмыстың топтың жолы кесілді

Ұйымдасқан қылмыстың топтың жолы кесілді

Ұйымдасқан қылмыстың топтың жолы кесілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел операция жүргізді. Нәтижесінде 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Тінту шаралары кезінде күдіктілерден атыс қаруы мен оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілер, қару-жарақты заңсыз сақтап, ұрлықы көліктерді  заңдастырып, заңға қайшы әрекеттермен айналысқан.

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ: «Арнайы іс-шара барысында қару-жарақты заңсыз өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөліктерді заңдастыру, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың әрекеттері әшкереленді. Операция бір мезгілде Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Абай және Жетісу облыстарының аумақтарында жүргізілді».

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал, өзге ақпараттар  Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Нұргүл Жолымбетова