Úı Jańalyqtar Жіті енжар параличінің алдын алу іс-шаралары

Жіті енжар параличінің алдын алу іс-шаралары

Көрнекі фото: wallpapers.99px.ru

 

 

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін вирустық инфекциялық ауру. Жіті енжар паралич синдромы 15 жасқа толмаған баладағы жедел сал ауруының кез келген жағдайы, соның ішінде «Гийен-Барре» синдромы  немесе  жасына қарамастан полиомиелитке күдік туған кез келген сал ауруы, сондай-ақ паралитикалық полиомиелиттің барлық жадайлары ретінде анықталды.

Полиомиелиттің негізгі белгілері вирус адам ағзасына ауыз арқылы еніп, ішекте көбейеді. Бастапқы белгілеріне: жоғары дене қызуы, енжарлық (вялость), мойынның, арқаның ауыруы, қол және аяқ бұлшықеттерінің әлсіздігі. Осы сал ауруына шалдыққан науқастардың 5-10 % жағдайында тыныс алу бұлшықеттерінің салдануынан қайтыс болады.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін вирус нәжіспен адамның ағзасынан шығарылуын жалғастырады, нәжістің 1 граммында 1 миллионға дейін вирустың жұқпалы дозасы болады. Сол себептен, нәжіспен ластанған су мен тамақ арқылы инфекцияның таралу  (фекальды –оральды) механизмі бірінші кезектегі маңызға ие. Эпидемия ошақтарында адамдардың ауа тамшылары арқылы жұқтыруы да мүмкін.

Полиомиелиттің инкубациялық (жасырын) кезеңінің ең азы бес күн, ең көбі бір айға дейін,  ал орта есеппен екі аптаға созылады.

Вирус адам ағзасына түскеннен кейін, аурудың әрі қарайғы ағымы адамның иммунитетіне байланысты болады.

Полиомиелит инфекциясы кезінде аурудың көзі науқас адам немесе вирусты мұрын- жұтқыншақ шырышы мен нәжіс арқылы бөлетін симптомсыз вирус тасымалдаушы болуы мүмкін.

Полиомиелиттің алдын алудағы арнай  (спецификалық) шарасы болып: ауруға қарсы вакцинация саналады. «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітіліген егу күнтізбесіне сәйкес полиомиелитке қарсы профликатикалық егу баланың  2,3,4, 12-15 және  18 айларында жасалады. Вакцина өзінің тімділігін уақыт өте келе растаған, өйткені осы күнге вакцинация арқасында полиомиелит ауруының еліміздегі тіркелуінің алдын алу мүмкін болып отыр.

А.Алтаева,

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының                              

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының

бас маманы