Úı ANONS Жол активтері сапасының ұлттық орталығына жаңа басшы тағайындалды

Жол активтері сапасының ұлттық орталығына жаңа басшы тағайындалды

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалының директоры лауазымына Қанат Құрбанбайұлы Жолтаев тағайындалды.

Қанат Құрбанбайұлы 1985 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. Жоғары білімді маман. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы жобалау саласында бастаған. Әр жылдары жол құрылысы мен жол қауіпсіздігі бағытында түрлі жауапты қызметтер атқарды. 2018–2022 жылдары «Отырар Жолдары» ЖШС директоры болды. 2022–2024 жылдары ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылдан бастап «КАЖсервис» ЖШС Түркістан облыстық филиалының директоры болды.

Орталықтың бас директоры Болатбек Кабланбекұлы Айтбаев жаңа басшыны ұжымға таныстырып, алдағы міндеттерді айқындады. Кездесу барысында филиал қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сынақ зертханасының жұмысымен танысты.