Úı ANONS “Айжамал тәттілері” референдумға арнап торт пісірді

“Айжамал тәттілері” референдумға арнап торт пісірді

«Айжамал тәттілері» кондитерлік үйінің басшысы республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс берді. Шымкент қаласындағы №1 мектеп-гимназияда орналасқан №92 референдум учаскесіне келіп, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді.

Сонымен қатар кәсіпорын өкілдері референдум учаскесіне арнайы дайындалған тәттілерін алып келіп, дауыс беруге келген тұрғындарға, референдум комиссиясының мүшелеріне, байқаушылар мен БАҚ өкілдеріне таратып берді. Бұл олардың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қолдау білдіріп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесінің бір көрінісі болды.

Айта кетейік, бүгін елімізде республикалық референдум өтіп жатыр. Таңертеңнен бастап ашылған референдум учаскелерінде азаматтар өз таңдауларын жасауда.