Úı ANONS Бейне камераларды қасақана сындырғандар бейнебақылау арқылы ұсталды

Бейне камераларды қасақана сындырғандар бейнебақылау арқылы ұсталды

фото ТОПД
Түркістан қаласында бейнебақылау камераларын қасақана бүлдірген екі күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыс бейнебақылау жүйелерінің көмегімен ашылды. Оқиға қала көшелерінің бірінде тіркелген. Нәтижесінде 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.
Тергеу барысында оқиғаның түнгі сағат 01:00 шамасында болғаны анықталды. Беттерін маскамен жасырған екі жігіт ұзын ағаштың көмегімен камераларды істен шығарған.
Полицейлер қылмысты ашу кезінде жақын маңдағы бейнебақылау жүйелерінің жазбаларын мұқият зерделеді. Нәтижесінде күдіктілердің қозғалыс бағыты анықталып, жедел-іздестіру шаралары арқылы қолға түсті.
Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдіктілер жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлға ашуланып, осы әрекетке барғандарын мойындаған.