Түркістан облысының МАӘ сотында талап қоюшы О., «Жеке сот орындаушының әрекетін заңсыз деп тану» туралы арызы қаралды.
Талапкер О.-ға тиесілі автокөлік кепіл мүлкі ретінде банкте тіркеліп, тыйым салынған.
Түркістан облысының ЖСО палатасының сот орындаушысы М. атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, аталған автокөлікке тыйым салып, оны авто тұраққа қою туралы қаулы қабылдаған. Аталған қаулыны сот орындаушы банкке ұсынбай, М.-нің берешегін автокөліктен өндіру жөнінде сотқа ұсыныс жолдамаған.
Сот, тараптардың, банк өкілінің түсініктерін тыңдап, іс құжаттар мен атқарушылық іс-жүргізуді зерттеп, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 57-бабының талаптарын басшылыққа алып, сот орындаушысының автокөлікке тыйым салғаны, арнайы тұраққа қойғаны заңсыз деп танылып, О.-ның шотынан инкассалық өкім арқылы өндірілген жәрдемақы қаражатын қайтаруды сот орындаушыға міндеттеді.


