Úı ANONS МӘМС жүйесі жаңғыртылып жатыр

МӘМС жүйесі жаңғыртылып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес МӘМС жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның маңызды құралдарының бірі – «Қалқан» цифрлық платформасы. Бұл жүйе тек келісімшарт жасап, төлем жүргізумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар барлық процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.

 

Қазіргі таңда қор Денсаулық сақтау мен Қаржы министрлігінің және медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін біріктіріп жатыр. Нәтижесінде қаражатты тиімді жоспарлау, бақылауды күшейту және қаржыны мақсатсыз жұмсау жағдайларын алдын ала анықтау мүмкіндігі артады дейді жауаптылар.

БАХЫТЖАН АБДУЛЛАЕВ, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: “Қалқан цифрлық платформасында жалпы мед ұйымдарды үш аймаққа бөлу моделі қарастырылған. Жасыл аймақ-сенім. Сары және қызыл аймақ. Бұл дегеніміз МӘМС жүйесіне халықтың сенімділігіе арттыру. Ашықтылығын көрсету. Және бөлінген қаражаттың ұтымды және тиімді пайдалануы бойынша жұмыстар”

ЛАУРА БАБАС