Úı ANONS Ясауи және оның рухани мұрасы

Ясауи және оның рухани мұрасы

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған маңызды жиын өтті. Ғалымдар мен зиялы қауым бас қосқан конференцияда Ясауи ілімін зерттеу, насихаттау және оны қоғам өмірінде кеңінен қолдану мәселелері талқыланды. Ғұлама еңбектерінің бүгінгі маңызы қандай? Қандай нақты ұсыныстар айтылды? 

 

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Қожа Ахмет Яссауи және оның рухани мұрасы” атты ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Мақсат — Яссауи ілімін жан-жақсы зерделеу, оның рухани мұрасын насихаттау. Жиынға шенеуніктер, дінтанушы ғалымдар, зиялы қауым қатысты.

 

Конференцияда ғалымдар өзекті мәселелерді көтеріп, талқыға салды. Ғұламаның еңбектерін зерттеп, дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.

 

Ғалымдардың айтуынша, үкімет Яссауи тану бағдарламасын енгізген. Досайдың сөзінше, Ясауидің 5 жүзге жуық аңызы бар. Ғалым бұрындары ұлы ғұлама, Ясауидің өмірі мен рухани мұрасы туралы ашық айтуға тайсақтаған сәттер болғанын айтады.

 Конференцияда ғалымдар Яссауи туралы түрлі тақырыпта баяндамалар жасады. Оның мұрасын насихаттау, білім беру мен қоғамда кеңінен қолдану бағытында нақты ұсыныстар айтты.

Дилара Иса