Қала прокуратурасы табиғи монополия субъектілерінің тарифтеріне талдау жасады. Нәтижесінде, «Ордабасы индустриялық аймақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарату желілері арқылы су беру және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің артқаны анықталған.
Прокуратура мәліметінше, бұл монополист тарапынан бекітілген тарифтік сметаны өзгертіп, қосымша табыс тапқанын көрсетеді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша монополист үшін су беру және сарқынды суларды бұру қызметтеріне арналған жаңа тарифтер мен тарифтік сметалар бекіткен.
«Нәтижесінде, сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 21%-ға, яғни, 1 текше метр үшін 190 теңге 68 тиыннан 149 теңге 16 тиынға теңгеге дейін. Азайды. Ал су бұру тарифі 43%-ға, яғни 131 теңге 49 тиыннан 74 теңге 86 тиынға төмендетілді»
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ
Жалпы индустриялық аймақтағы 96 адамның құқығы қорғалған. Бұл өз кезегінде олар өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді деп хабарлады прокуратура.
Дилара Иса

