Úı ANONS «Басты өзгеріс — 7 млн. теңге»: Солтүстікке көшу бағдарламасына қандай өзгеріс енді

«Басты өзгеріс — 7 млн. теңге»: Солтүстікке көшу бағдарламасына қандай өзгеріс енді

7 миллион теңгеден аса қолдау! Солтүстік аймақтарға көшу бағдарламасына қандай өзгерістер енді? Бұл тиімді ме, қандай мүмкіндіктер бар? Шымкентке арнайы келген мамандар тұрғындарға жаңа талаптарды түсіндіріп жатыр.

Оңтүстік аймақтан солтүстік аймақтарға көшуге ниетті тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бағдарлама тек жұмыссыздықты азайтып қана қоймай, өңірлер арасындағы еңбек теңгерімін реттеуге мүмкіндік береді дейді мамандар. Шымкент және Түркістан облысына  солтүстік өңірлерден келген делегаттар көшіп-қонудың  реттілігін түсіндіруді бастап кетті. Қаланың өзінде бір күнде жүзге жуық адам келіп, мамандардан кеңес алған.

Бағдарлама тек қаржылай көмекпен шектелмейді. Қоныс аударушыларға дайын жұмыс орындары ұсынылады. Ол үшін тұрғындар жұмыссыз ретінде ресми тіркеледі. Қайда бару керектігін, жұмыс орнын өтініш берушінің таңдауына салады.

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысына 3 мыңнан аса адам қоныстанған. Биыл бұған қоса алғанда тағы 500 адамға көшуге орын бөлінген.  Мамандар бағдарламаның маңызы зор дейді.

Өткен жылы Шымкенттен 800-ге жуық адам еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударған. Ал биылғы жоспар мыңға жеткен. Қазірдің өзінде екі жүзге жуық адам көшірілген. Айта кетейік, бұл бағдарлама 10 жыл бұрын қабылданған.

Дилара Иса