Úı ANONS Миллиардтық жоба: Шымкентте озық «КДЗ ОЛИМП» іске қосылды

Миллиардтық жоба: Шымкентте озық «КДЗ ОЛИМП» іске қосылды

Инвестиция көлемі 1,7 миллиард теңге! Шымкентте адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін жоғары технологиялық «КДЗ Олимп» іске қосылды. Мұндағы процестің бәріне швейцариялық роботтар жауапты. Ең басты жаңалық — бұрын қиын саналған генетикалық сараптамалар енді тегін медициналық көмек пакетіне енеді. 

Шымкентте 1 миллиард 700 миллион теңгеге еліміздегі ең қуатты «КДЗ Олимп» орталықтарының бірі ашылды. Жобаны іске қосуға «Roche» секілді әлемдік технологиялық алыптар атсалысқан. Кешеннің жалпы аумағы 2200 шаршы метрден асады. Мұнда әкімшілік бөлімнен бастап, инновациялық «КДЗ Олимп» корпусына дейін қамтылған.

 

«КДЗ Олимп» желісінің басты ерекшелігі — мұнда бәрін швейцариялық роботтар атқарады. Арнайы құрылғылар анализдерді автоматты түрде тасымалдап, адамның қатысуынсыз өңдейді. Бұл қателікке жол бермейді және жұмыстың қарқынын арттырады. Соның арқасында орталық тәулігіне 50 мыңнан астам анализ қабылдай алады. Енді оңтүстік өңір тұрғындары сараптама нәтижелерін көп күтпей, тез арада алатын болады.

 

«КДЗ Олимптегі» жұмыс толықтай роботтардың бақылауында. Үлгі конвейерге түскен соң, жүйе оны қайда жіберу керектігін лезде шешеді. Робот-сканер қанның сапасын тексеріп, адам жіберуі мүмкін қателіктерді мүлдем болдырмайды. Ақылды жүйе бос тұрған құрылғыларды өзі тауып, сынаманы соған бағыттайды. Сондықтан бұл жерде кезек те, жұмыс тоқтап қалу да болмайды.

 

Талдау біткен соң, қан «ақылды архивте» сақталады. Егер пациентке тағы бір талдау керек болса, қайтадан қан тапсырудың қажеті жоқ. Бұл технология Альцгеймер ауруын ерте анықтауға және хромосома деңгейіндегі ең күрделі генетикалық зерттеулерді қатесіз жасауға көмектеседі.

 

БАҚЫТЖАН ПОЗИЛОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: «Олимп компаниясы заманауи соңғы үлгідегі «КДЗ Олимпті» ашып отыр, бұл нысан өте ауқымды жерде орналасқан, бұның ерекшелігі — бұл жерде жасанды интеллект элементтері бар және цифровизация қосылған, барлық аппараттарда робот жұмыс жасайды. Қателік өте минималды, яғни халық анализ тапсырған кезде соңғы дәлдікпен шығарып береді».

ҒАЛЫМЖАН ПОШИМОВ, «КДЛ ОЛИМП-ОРДА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: «Бізде «Рош Диагностик» компаниясының сұрыптаушысы бар автоматты тректік жүйе — «Кобас Про» іске қосылған. Бұл адами факторды барынша азайтуға және қажетті сынаманы жедел табуға мүмкіндік береді. Біздің «КДЗ Олимп» орталықтары шетелдік озық анализаторлармен жабдықталған. Сонымен қатар, жақын маңда орналасқан ірі бактериологиялық және ПТР зертханаларымыз осы орталықтың жұмысына қолдау көрсетіп, өте үлкен көлемдегі талдауларды сапалы орындауға көмектеседі».

Бұл «КДЗ Олимп» ешқандай кедергісіз жұмыс істейді. Мұнда жеке жарық пен су көздері бар, сондықтан қалада апат болса да, сараптамалар тоқтамайды. Қазір өңірде 41 қабылдау нүктесі ашылып, айына 220 мыңнан астам тест жасалуда. Ең бастысы — бұл жерде күрделі тексерулерден емхана жолдамасымен тегін өтуге болады.

Ботакөз Әнуар