Úı ANONS Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті

Бүгін қазақ руханияты өзінің біртуар нар тұлғасымен қоштасты. Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өткен қаралы жиынға ағылған халықтың қарасы қалың. Ақынды соңғы сапарға шығарып салуға ағайын-туыстарымен бірге, зиялы қауым өкілдері мен жүрегі қазақ деп соққан жұртшылық келді.

 

Әрбір келген жан аңыз адамның алдында басын иіп, қимастық сезімін білдіріп жатыр. Айта кетейік, Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты бойынша, оның денесі туған жері — Отырар өңіріне жеткізілмек. Ақын ертең, жиырма екінші сәуір күні Арыстанбаб кесенесіне жақын маңдағы қорымда мәңгілік тыныс табады.

 Ботакөз Әнуар