Úı ANONS Шымкентте 8 -сынып оқушысы өзіне өзі қол салды

Шымкентте 8 -сынып оқушысы өзіне өзі қол салды

Шымкентте тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. 8-сынып оқушысы өзіне-өзі қол салды. Жасөспірімді туыстары үйінен тапқан. Оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Оқушының мұндай қадамға не үшін барғаны қазірше белгісіз. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Шымкентте №9 IT лицейінің оқушысы өзіне өзі қол салды. Оқиғаны қалалық білім басқармасы растады. Басқарма дерегінше, қайғылы жағдай 6 сәуір күні оқушының өзі үйінде болған. Ол оқиға орнында көз жұмған.

«Жасөспірімді туыстары тапқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Алайда дәрігерлер келген кезде оқушыдан өмірлік белгілері анықталмаған»

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Ресми мәліметке қарағанда, марқұм бұрын-соңды қандай да бір медициналық есепте тұрмаған. Оның мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз.  Ал полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс ашылып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

«Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде»

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

Айта кетейік, бұдан бұрын қалалық білім басқармасы 2025 жылы отбасылық жанжалдарға байланысты 11 оқушы үйінде өзіне-өзі қол салғанын айтқан еді.

Дилара Иса