Úı ANONS Үш онжылдыққа созылған сенім мен сапа

Үш онжылдыққа созылған сенім мен сапа

«Инкай» бірлескен кәсіпорнына — 30 жыл. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген компанияның мерейтойы қалай өтті? Облыс әкімі Нұралхан Көшеров нысанның жұмысына қандай баға берді? Жаңа нысандар, ашылған жұмыс орындары және өңір болашағына қатысты жоспарлар – алдағы сюжетте.

 

Созақта ұран өндіретін «Инкай» бірлескен кәсіпорнына – 30 жыл. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кәсіпорынға барып, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымымен танысты.

 

Облыс әкімінің сөзінше, 30 жыл ішінде кәсіпорын жаңа мектептер мен заанауи медициналық және спорттық нысандар салып, қолдау көрсеткен. Нәтижесінде мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылған. Көшеров кәсіпорын облысдың дамуына әлі де үлес қосады деп сенім білдірді.

Мерекелік іс-шарада  арнайы монумент ашылды. Меймандар қонақ кітабына қолтаңба қалдырды.  Жиында Созақ ауданының экономикалық күретамырына айналған компания  өз міндетін абыроймен атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып жатқаны айтылды.

 

Айта кетейік, «Инкай» бірлескен кәсіпорны Қазақстанда  уран өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі.  Онда 8 жүзден аса адам жұмыс істейді.

Дилара Иса