Шымкенттіктер үшін қант диабеті мен диабеттік табанды емдеудің халықаралық деңгейдегі маманынан кеңес алудың сәті түсті. Маусымның 8-і мен 11-і аралығында «Флебология және лазерлік медицина клиникасында» әзірбайжандық білікті дәрігер Узеир Исмаилов науқастарды қабылдайды.
Тұрғындардың диабеттік табан дерті бойынша шетелдік маманнан кеңес алатын күні жақын.
«Флебология және лазерлік медицина клиникасы» — осы қажетті көмек көрсетілетін негізгі орталық. Дәрігер 4 күн бойы тапжылмай қабылдау жүргізеді. Мұнда келген жандарға қант диабетін ауыздықтау жолдары үйретіліп, ем тағайындалады және осы бір созылмалы дертті еңсеруге көмек беріледі.
РУСТАМБЕК КЕЛІМБЕТОВ, «ФЛЕБОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЛАЗЕРЛІК МЕДИЦИНА» КЛИНИКАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: «Қант ауруы кезінде ең біріншісі науқастарда шөлдеп жүру, бірден шаршау, өте тез су тер шығу. Осындай кездер болса бірден тексеріліңіз. Қазір қалаларда көптеген зерттеу орталықтары бар. Барып қан тапсырып бірден анықтасаңыз болады».
Клиника қант диабеті мен оның асқынуларын емдеуді тұрақты жолға қойған. Басты ерекшелігі — «ҚанҚант» жобасына қатысушылар тексеруден өтуді, маман кеңесі мен қажетті ем-домды бір орталықтан таба алады.
РУСТАМБЕК КЕЛІМБЕТОВ, «ФЛЕБОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЛАЗЕРЛІК МЕДИЦИНА» КЛИНИКАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: «Біздің клиникада 2025-тен бері жаңа жоба ұйымдастырылып келеді. «Қанқант академи» Соның ішінде шетелден келген мамандар, басқа қаладан келген мамандар да мастер класска келіп үйреніп жүр. Сіздерде сонда жақсы мүмкіндік бір есікке кіріп, барлық мамандардан өтіп, бірден сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар».
Тағы бір тиімді тұсы — «Флебология және лазерлік медицина» клиникасының ішінде өз дәріханасы жұмыс істейді. Жазып берілген дәрі-дәрмекті осы жерден бірден сатып алуға болады. Тіпті рецептпен берілетін кейбір дәрілерге жеңілдіктер де қарастырылған. Шетелдік белгілі тамыр хирургі — Узеир Исмаиловтың қабылдауына жазылу үшін экрандағы байланыс нөмірлері мен мекенжайға хабарлассаңыздар болады. Денсаулығыңызға бейжай қарамаңыздар!
Лицензия №010793 21.12.16 ж Денсаулық сақтау басқармасымен берілген МЕКЕНЖАЙЫ: Ш.УӘЛИХАНОВ КӨШЕСІ, 200 «Б», «ҚАЗАНДЫҚ» АЯЛДАМАСЫ
ТЕЛ: +7 7252 60-68-57, +7 701 770 68 57.
INSTAGRAM: @lazernaya_medicina_kz
