Сізді мерейлі 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Төлегенова Бахытгүл Борамбайқызы 1966 жылдың 9 мамырында Шымкент облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1990 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын автоматтандыру инженері мамандығы бойынша, сонымен қатар, 1998 жылы Кадрларды дайындау, қайта дайындау және квалификациясын көтеру институтын бухгалтер-аудитор мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы бойынша Салық инспекциясының салық түсімдерін есепке алу және талдау бөлімінің аға салық инспекторы қызметінен бастаған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді.
Жалпы еңбек өтілі – 38 жыл, оның ішінде 25 жылын салық саласына арнап, өз ісінің білікті маманы, жауапкершілігі жоғары басшы ретінде әріптестерінің құрметіне бөленіп отыр.
Осы мерейлі белесте Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс, мерейіңізге мәртебе тілейміз! Әрдайым абырой биігінен көрініп, ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жана берсін!
Мерейлі 60 жасыңыз құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Шымкент қаласы бойыншаМемлекеттік кірістер департаменті

