Úı ANONS Оңтүстік өңірі агроөнеркәсіптік және тоқыма орталығына айналмақ

Оңтүстік өңірі агроөнеркәсіптік және тоқыма орталығына айналмақ

Өңірде жаңа индустриялық кезең басталған. 2025 жылдың  соңында  Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында толық циклді тоқыма бұйымдарын өндіретін мақта агроөнеркәсіптік кешені іске қосылған еді. «Түркістан тоқыма» ЖШС-нің (Kazakhstan Lihua) жіп иіру және мата өндіру кешені жұмысын бастап, өңірдің жеңіл өнеркәсібін дамытуға серпін берді.Мақтаны тек шикізат ретінде экспорттау емес, дайын өнім шығаруға басымдық берілген.

 

Цитата Жобаның жалпы инвестициялық құны 86,2 млрд. теңгені құрап, құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталған еді. Алғашқы кезеңде 430 адам жұмыспен қамтылып, кейінгі кезеңдер толық іске қосылған соң 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Кешен толық қуатына шыққанда жылына 11,4 мың тонна жіп, 47,3 млн шаршы метр мата, 2 млн төсек-орын жиынтығы мен 4 млн көрпе өндіру көзделген

 

Жалпы алғанда, өңірде мақта-тоқыма кластерін қалыптастыру мақсатында 10 зауыт іске қосу жоспарланып, оның ішінде мақта өңдеу, тоқыма, тігін және су үнемдеу технологияларына арналған өндірістер қамтылған. Инвестиция көлемі 200 млрд теңгеден асып, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.Бұл жобалар нәтижесінде Түркістан облысы тек ауыл шаруашылығы өңірі ғана емес, толық өндірістік цикл қалыптасқан, қосылған құны жоғары өнім шығаратын ірі агроөнеркәсіптік және тоқыма орталығына айналу бағытына түсті.

Шынар Оразова