Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сыйға тартылған құнды Құран кітабы көпшілік назарына ұсынылды. Осман дәуірінің атақты каллиграфы Ахмед Шемседдин Карахисаридің қолынан шыққан қасиетті қолжазба музейге келушілердің қызығушылығын тудырып отыр.
Құнды жәдігерді жуырда Түркия президенті Түркістанға сапары барысында сыйға тартқан болатын.
Музей қызметкерлері көне жәдігердің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтып берді. Мамандардың сөзінше, қолжазба ислам каллиграфиясының ең көрнекті үлгілерінің бірі саналады.





