Қорық-музейде Қ.А.Ясауи кесенесі жайлы деректі фильмнің түсірілімі басталды

318

Фильм түркі жұртының шаңырағы, рухани ілімнің бесігі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және осында жерленген тұлғалар мен тарихи орындар жайлы сыр шертеді. Фильмді Түркістан облысы әкімдігі және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бірлесуімен «САҚ» киностудиясы түсіруде.

Тарихи оқиғалар мен тұлғалар жайлы кеңесші «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері – Күнсұлу Әсетова.

Фильмнің мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын насихаттау аясында руханияттың алтын діңгегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен онда жерленген хан-батыр, игі жақсылардың мәңгілікке тыныстаған мекенінің тарихын көрсету, көрсетілімдер арқылы танымдық көзқарасты арттыру болып табылады.