Úı ANONS Түркі әлемінде ортақ жоба: Электронды кітапхана ашу не үшін керек?

Түркі әлемінде ортақ жоба: Электронды кітапхана ашу не үшін керек?

Түркістанда түркі әлемін біріктіретін жаңа жоба ұсынылды. Ортақ электронды кітапхана ашу бастамасы көтерілді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жоба бауырлас елдердің ғылыми байланысын жаңа деңгейге көтермек. Мәселенің мән-жайын алдағы сюжетте айтамыз

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеті Түркітану ғылыми-зерттеу институтының директоры Халил Четин Түркі елдерінің тарихи басқосуында ортақ электронды кітапхана ашу жөнінде ой қозғады. Оның пайымдауынша, бұл түркі дүниесі үшін маңызды. Ал саммитке дүниежүзі көз тікті.

 

ХАЛИЛ ЧЕТИН, ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Неге Түркістанда болып жатыр? Неге кезектен тыс болып жатыр? Осы жерде қандай тақырыптар өтіп жатыр? Қандай маңыздылығы бар? Не болады, не істейді деп дүниежүзі қарап отыр. Сол үшін бізге Түркістанда өтуі маңызды. Неге десеңіз Түркістан, тек түркі дүниесінің емес бүкіл дүниенің  рухани астанасы болып саналады. Сондықтан түркі мемлекеттерінің басшыларының саммитінің өтуі, шешім қабылдауы Түркістан үшін де, Қазақстан үшін де өте маңызды».

Директор мемлекеттер әртүрлі салада өзара келісімшарт жасасып, меморандумдарға қол қойғанын айтады. Бұл түркі мемлекеттер үшін пайдалы. Әсіресе, саммиттің түркология ғылымының дамуына әсері зор.

 

ХАЛИЛ ЧЕТИН, ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Біз ғылым жағынан қарағанда тағы бір маңыздылығы бар. Қазір білесіз осы саммиттің тақырыбы жасанды интеллект туралы шешім қабылданды. Бұл жасанды интеллект егерде қазір білесіздер технология болмаса ешбір жерде ешбір нәрсе жүрмейді. Сол үшін біз бұларды пайдаланып, жобалар жасауымыз керек. Біз институт, унисерситет болып 1-2 үлгісін айтайын. Оның бірі электронды кітапхана құру. Біз бүкіл түркі мемлекеттері ішіндегі мекемелермен ғылым ордаларымен бірлесіп кітапхана құрсақ, түркі мемлекеттері интернет болған кезде кез келген кезде өздеріне керек ақпаратты алады».

Электронды кітапхана жасау әзірге жоба ғана. Оның қашан, қалай әзірленетіні әзірге беймәлім.  Сонымен бірге Халил Четин түркі әлеміне ортақ әліпби құрастыру және қолдау керек деп санайды. Бұл түркі халықтарының бірін-бірі  түсінуін, ғылыми зерттеулер жүргізуін, ортақ жобаларды жүзеге асыруды жеңілдете түседі.

Дилара Иса