Úı ANONS Жолақы төлеуден жалтаратындар көбейіп барады

Жолақы төлеуден жалтаратындар көбейіп барады

Елімізде автобусқа мініп, бірақ жолақы төлеуден жалтаратындар көбейіп барады. Жыл басталғалы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзудың 15 мыңнан астам дерегі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76%-ға жоғары. Билетсіз жолаушылар саны 2018 жылдан бастап, яғни электронды төлем жүйесі енгізілгеннен кейін көбейе бастады.

 

Мәселен 2025 жылы 38 мыңға жуық қазақстандықтың жолақысын төлемегені анықталған. Көбіне мұндай жағдайлар Астана мен Шымкент қалаларында тіркеледі. Айыппұл салу құқығы тек полиция қызметкерлеріне тиесілі, ал бақылаушылардың өкілеттігі шектеулі.

 

НАЗЫМ ЖАНБОЛАТОВА, «SMART MOBILITY» КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жолаушы қоғамдық көлікке мінгеннен кейін немесе жол жүру барысында, келесі аялдамаға дейін жолақысын төлеуге міндетті. Кейбір азаматтар төлемді жүргізушіге қолма-қол беруге болады деп есептейді. Алайда бұл талаптарға қайшы. Қолданыстағы ережеге сәйкес, жүргізушінің жолақы қабылдауға және билет беруге құқығы жоқ. Төлем тек электронды түрде — көлік картасы немесе QR-код арқылы жүзеге асырылады».

 

ЛАУРА БАБАС