Жуалы аудандық соты алаяқтық фактісі бойынша Р.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 190-бабының 1-бөлігі). 2025 жылдың қазан айында сотталушы Р. жәбірленуші Т.-ның ұлының мүгедектігі бар екендігін біле отырып, оның атына мүгедектігі бар адамдарға арнайы арналған 5 млн. теңге қайтарымсыз несие ресімдеуді ұсынған.
Жәбірленуші сотталушының ниетін түсінбей, келісіп, сотталушыға 50 мың, содан кейін тағы 101 мың теңге берген. Сотталушы аталған соманы өз қажеттіліктеріне жұмсап, сол арқылы жәбірленушіге 151 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, мүліктік залалдың толық өтелгені туралы хабарлады. Сотталушының адвокаты соттан рақымшылық жасау туралы Заңды қолдана отырып, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Прорурор рақымшылық жасауды қолдануға қарсылық білдірмеді. Іс материалдарын зерттеп, сот сотталушының қылмыстық әрекеттері онша ауыр емес қылмыстарға жататындықтан, Заң іс бойынша іс жүргізуді тоқтату мүмкіндігін қарастырады деген қорытындыға келді.
Сот қаулысымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның қолданылуына байланысты тоқтатылды.







