Владимир Божко ОҚО-да жағдай тұрақталып жатқанын мәлімдеді

197

Облысымыздың су астында қалған ауылдарын төтенше жағдайда құтқару операциясына 2,5 мыңға жуық адам мен 1 мыңға тарта техника жұмылдырылды. Бұл жайында төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко хабарлады.

2 апта мерзімде 30 градус аяз болып, көп көлемде қар түсті. Ақпанның 17-19 аралығында жауған жауынның салдарынан жерде және тау қыраттарында жатқан қардың барлығы еріп, елді мекендерге қарай жылжыды. Көптеген аудандарды осылайша су басты.

Қазіргі кезде онда құтқару жасақтары Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарынан, Астанадан жіберілді. Оңтүстіктегі жағдай Үкімет отырысында жабық есік жағдайында талқыланды. Отырыстан соң Министр бұл аймақта жыл сайын орын алатын жағдай дейді.