Біржан Жақыпов үкілеген үмітті арқалады

238
Чемпион ұлын ана бауырына басты

Лондон Олимпиадасына жолдама жеңіп алып шымкенттік жалғыз боксшы Біржан Жақыповты жерлестері арнайы қарсы алды. Астанада өткен іріктеу турнирінде қарсыластарынан басым түсе білген жерлесіміз енді Ұлыбританияда ел намысын ринг төрінде қорғайды. Біржан осыған дейін де екі рет олимпиадаға қатысып, алғашқы бестіктен көрінген болатын. Биылғы мақсат жүлделі болу.

Мырзағали Айтжанов, бокстан ҚР құрама командасының бас бапкері: «Бұл жолғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алу қиынға соқты. Өйткені, екі жарыста ғана лицензия ойнатылды. Оның бірі Әлем чемпионаты болса, екіншісі әр құрлықтағы байрақты жарыс. Азияның ептілері Астанадағы турнирде анықталды. Қазақстаннан 4 боксшы лицензия үшін таласып, оның үшеуі алтын медальға қол жеткізді. Сөйтіп, Лондонға 9 боксшы жолдамаға ие болды».

Біржан Жақыпов, Олимпиада жолдамасының иегері: «Маған жанкүйерлік еткен жерлестеріме алғысымды айтамын. Қиын болды. Өйткені менің салмағымда жолдама жеңіп ала алмаған боксшылардың барлығы да жиналды. Қарсыластарым да мықтылық танытты, алайда жолдама бізге бұйырды».