Әділет үшке бөлінді

017-006Облыстық Әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаевтың айтуынша Үкіметтің биыл, 11 наурыз күнгі № 208 қаулысына сәйкес Шымкент қалалық әділет басқармасы қайта құрылу арқылы, қаладағы үш аудандық әділет басқармалары құрылған. Осылайша ендігі жерде әл-Фараби, Абай, Еңбекші аудандық әділет басқармалары жұмыс істеуде. Назарларыңызға үш аудандық бөлімнің мекен жайын ұсынамыз:

Әл-Фараби аудандық әділет басқармасы – Оспанов көшесі- 61 үйде орналасқан («Жаңа шахар» шағынауданындағы бұрынғы БТИ-дың ғимараты).

Еңбекші аудандық әділет басқармасы – Желтоқсан көшесі, 16-үй.

Абай аудандық әділет басқармасы – Қалдаяқов көшесі, 12 үй.