Шымкентте Монтессори әдісі бойынша халықаралық конференциясы өтті Компания жаңалығы 

Шымкентте Монтессори әдісі бойынша халықаралық конференциясы өтті

Қазіргі таңда елімізде тілінде мүкісі бар бүлдіршіндер саны күн санап артуда. Балалар арасындағы бұл мәселені шешуде бірнеше елде Монтессори әдісі қолданылып келеді. Шымкенттегі сондай мектепке дейінгі тәрбие орталықтарының бірі — «Бала би» бақшасында Монтессори халықаралық конференциясы өтті. Аталмыш іс-шараға тек еліміздің ғана емес, көрші Ресейден тәрбиешілер қатысып, тәжірибе алмасты. Халықаралық ІІ конференцияның қонақтары үшін Монтессори әдісінде қолданылатын жабдықтар шығаратын фабрика арнайы көрме ұйымдастырды. Бүгінде Монтессори бағдарламасын қолданатын балабақшалар керекті жабдықтармен толық қамтылған. Айта кетейік, шаһарымызда бұл әдіс тек «Бала би» балабақшасында кеңінен қолданылады. Людмила Новикова, директор: «2014 жылы біз Монтессори…

Read More
Балабақшадағы семинар Жаңалықтар 

Тәрбиешілер «Ердаулет» бөбекжайында бас қосты

Баланың санасын жетілдіру балабақша қабырғасында жүзеге асуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі баланың құзіреттілігін қалыптастыруда жаңашыл тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды ұсынған тәрбиешілер «Ердаулет» бөбекжайында бас қосты. Мұнда өзін-өзі тану кабинетін ашылып, балдырғанның танымдық дүниесін арттыратын шара жүзеге асырылды. Мұндай балақай өз еркімен тірлік атқарады. Анасының көмекшісі болатын балдырғандарға барлық жағдай жасалған. Қажетті құрал-жабдықтар арнайы демеушінің көмегімен емес, бақша қорының есебімен алынған. Жаңа монтессори әдісін бала бойына сіңіретін бөлме келушілердің қызықтырды. Гүлжан Байназарова

Read More
Жаңалықтар 

Баланың сөйлеуінде Монтессори әдісінің көмегі мол

Қазіргі таңда біршама балғындар дұрыс сөйлеуден қалды. Бірінің тілінің мүкісі болса, енді бірі тіпті сөйлей алмайды. Бүлдіршіндердің арасында кең таралған бұл мәселені шешуде Монтессори әдісінің тигізер үлесі мол. Аталмыш әдісті дәріптеу мақсатында Шымкенттегі «Бала би» Монтессори балабақшасында халықаралық конференция өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілері қатысып, тәжірибе жинақтады. Баланың қалауын ескеру, оны тыңдау. Бұл — Монтессори әдісінің негізі. Аталмыш әдіс әлемдегі 82 елде қолданысқа енгізілген. Ал біздің қалада бұл әдіс тек «Бала би» балабақшасында бар. Людмила Никалаевна, «Бала би» балабақшасының меңгерушісі: «Жекеменшік балабақшалар мемлекет қолдауынан тыс қалуда. Соған…

Read More