Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды Компания жаңалығы 

Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды

Мақтаарал ауданындағы Мақталы қосалқы станциясында жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мұнда соңғы үлгідегі заманауи қондырғылар орнатылған. Баламасы жоқ су жаңа жабдықтар Ресейдің Санкт Петербург қаласынан алдырылды. Мақталы қосалқы станциясы — Мырзашөл өңіріндегі маңызды нысанның бірі. Алты бірдей елдімекенді сапалы электрмен қамтуда қуат таратушы негізгі орын болып саналады. Сондықтан қосалқы станцияның қалтқысыз жұмыс істеуі маңызды. Осыған байланысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Мақталы қосалқы станциясында тозығы жеткен майлы 35 кВ Т-1 ажыратқышы қазіргі заманауи элегазды ажыратқышқа алмастырылды. Ал 10 кВ КРУН майлы ажыратқыштары су жаңа вакуумды ажыратқыштарға ауыстырылды….

Read More
Кентауда жаңа электр желісі тартылуда Компания жаңалығы 

Кентауда жаңа электр желісі тартылуда

Кентауда жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын жаңа желі тартылуда. Арнайы оқшауланған сым шаһар маңындағы Хантағы ауылын да жалғап жатыр. Сонымен қатар 11 трансформатор қондырғысы жаңалану үстінде. Бұл — «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеул серіктестігінің инвестициялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыс болып отыр. Жаңа бағаналар мен арнайы оқшауланған желінің тартылып жатқанына әсіресе, Хантағы ауылының әлеуметі ерекше қуанышты. Жарты ғасыр бойы ақтүтек боран мен Қаратаудың қара желіне шыдас берген ағаш бағаналардың тозығы жетіп, алмастырылып жатыр. Ауылдың ақсақалдары сол кезеңді көз көргенін айтады. Ендігі ауыстырылып жатқан жаңа бағаналар мен желілер елді мекенге…

Read More
Жаңалықтар 

«Оңтүстік Жарық Транзитте» жаңартудың екінші кезеңі басталды

Облыстық монополияға қарсы департаменттің жетекшілігі «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жаңарту бағдарламасына байланысты журналистерге баспасөз-турын өткізді. 2014 жылға бағытталған инвестициялық бағдарлама 2 миллардтан астам теңгенің қаржысын құрайды. Осы ақшаға облыстың аудандары мен Шымкент қаласындағы электр құрылғылары жаңартылуы қажет. Монополияға қарсы департаменттегілердің нысандарды бұлайша аралауы жұмыстардың уақытында атқарылып, сапалы болуына септігін тигізеді. Жалпы, жаңғырту жұмыстарына 7,5 миллиард теңге қаралса, биыл оның 2,5 милларды жұмсалмақ. Бауыржан Қуанышбеков, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы: «2,5 миллиард теңге жаңа жобалар жасауға, КТП-ларды ауыстыру және автоматтандыру мәселелеріне жұмсалады.» Бүгінгі таңда Қайтпас пен Тельман…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстіктің электршілері арнайы көліктерге ие болды

«Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің электршілеріне жаңа көліктер берілді. Бұған дейін көптеген шақырылымдарға тозығы жеткен ескі көліктермен баратын олар енді жаңа темір тұлпарларды тізгіндегеніне қуанышты. Самиддин Нұртаевтың «Оңтүстік Жарық» мекемесінде жүргізуші боп қызмет атқарғанына 20 жылдан асыпты. Кәсібінің қыры мен сырын жақсы меңгерген ол енді жаңа автокран көлігінің тізгініне отырды. Самиддин Нұртаев, жүргізуші: «Бізге жаңа көліктер беріліп жатыр. Қуаныштымыз. Бұрын ескі көліктер жарты жолда бұзылып, әбігерге түсіретін еді. Барған жерімізден қайта алмаған күндеріміз де болған.» Бұл күні «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қызметкерлеріне 22 арнайы автакөліктің кілті табысталды. Енді қызметті уақтылы әрі…

Read More
Жаңалықтар 

Отызға жуық отбасының тұрмыстық техникасы күйіп кетті

«Тельман» шағынауданында таңертеңгі тоқ желілерінің тұйықталуынан отыз шақты отбасының тұрмыстық техникалары күйіп кетті. Гүлзипа Аманбаева, «Дәстүр» көшесінің төрайымы: «Свет әбден жанымызға тиді. Холлдильнигіміз күйді, компьютеріміз күйді. Хорошо что, күндіз болды. Ал түнде болғанда пожар болатын еді. Бұған кім жауап береді? Не айтамыз бұған? Кімнен көмек сұраймыз?». Үп еткен желге сөніп қалатын жарық желісі мен ойнамалы трансформатордың тұрғындарды әбігерге салуы бірінші рет емес. Отызға жуық отбасының басым бөлігі несие алған техникаларының күйіп кеткеніне налып отыр. Бұл көше тұрғындары желіні өздері жүргізіп, жекенің меншігіндегі трансформатордан жарық алып келген. Оларға мемлекет есебінен электр…

Read More
Жаңалықтар 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бар жағдайды жасайды

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бар жағдайды жасаймыз. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі Хрющев заманында салынған көпқабатты үйлердегі есептегіш құралдарды кіреберіске ауыстыруды бастады. Өйткені, соңғы кездері мекемеге электр жарығын ұрлықы пайдалану бойынша айтарлықтай зиян келген. Әрі, қуат көрсеткіштерін тексеруде электрик мамандар пәтерлерге кіре алмай әуре-сарсаңға түседі екен. Есептегіш құралдарды кіреберіске шығару ісін «Оңтүстік Жарық Транзит» былтыр қарашада бастады. Әл-Фараби ауданы бойынша 5 мың абонент болса, соның бүгінде 500-нің есептегіш құралдары осындай кіреберістерге қайта орнатылды. Ең бастысы, бұл жұмыстардан тұрғындарға кедергі келмейді. Олар үйде жоқ кезде мамандар келіп, құрылғыдағы көрсеткішті жазып кетуге ыңғайлы….

Read More