Оқыс оқиға 

Қарулы қарақшы қолға түсті (видео)

Шымкенттің тәртіп сақшылары қарулы қарақшылық әрекетін әшкереледі. Бұл қылмыс кешкі сағат 7-лер шамасында орын алған. 27 жастағы жігіт қару кезеніп, кафеден шыққандарды тонамақ болыпты. Алайда, арам ойы жүзеге аспады. Сезіктіні тәртіп сақшылары бейне-бақылау камераларының көмегімен қолға түсірді. Кешкі сағат 7-ден асқанда бір азаматша 102 пультіне хабарласып, көмек сұраған. Жәбірленушінің айтуынша, қару ұстаған жігіт 12 мың теңгесін тартып алып, қашып кеткен. Арада жарты сағат өткенде Тәуке хан даңғылының бойындағы кафеден шыққан тағы бір адамға шабуыл жасалады. Дабыл бойынша жедел қимылдаған ішкі істер департаменті жол-патрульдік полициясына қарасты 6-ротаның полицейлері қашып бара жатқан…

Read More