Арыста жазылушылар күні өтті

189
Арыс поштасы

Былтыр ғана бой көтерген Арыстағы пошта бүгін өз оқырмандарымен қауышты. Әдеттегідей,басылымдарға жазылу науқаны басталды. Арыстық оқырмандар бүгін арнайы ұйымдастырылған мереке барысында сүйікті газет-журналдарына жызылып, сыйлықтарға қарқ болды.
Қазпошта алдында ұйымдастырылған шараға қала әкімдігінен бастап, Арыстағы барлық мекеме басшылары қатысып, пошташыларға өз алғыстарын білдіріп жатты. Арынов Сәтбай басқарып отырған пошта ұжымы, белсенді оқырмандарын марапаттап, естелік сыйлықтарын тапсырды.

Айтпақшы, біздің «Оңтүстік Рабат», «Рабат» газеттеріне арнайы келіп жазылғандар көп болды. Олар өзекті мәселелерді орынды көтеріп, жедел әрі шынайы ақпарат легін ұсынып отырған бұл басылымдарған дән ризашылықтарын жеткізді.