«Ақмешіт әулие» қасиетті мекеніне жол салынды

"Ақмешіт әулие" қасиетті мекені
"Ақмешіт әулиеге" салынған жаңа жол

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша биыл облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Бәйдібек ауданы «Көктерек» ауыл округіне қарасты «Ақмешіт әулие» үңгіріне қарай жол құрылысы басталған болатын.

Құны 165,226405 млн. теңге болатын құрылыс жұмыстарын «Айжамал» ЖШС-і қыркүйек айында қолға алып, желтоқсаның айының 10-нда пайдалануға берді.

Жалпы ұзындығы 12,8 шақырымды құрайтын жолдың салынғанына халық дән риза. Себебі, бұрынғы жолда автокөлік жүруге мүмкіндік жоқ болатын. Ендігі жерде туристік сапармен «Ақмешіт әулиеге» келетін жұрттың қарасы көбейетіні айдан анық дейді аудан әкімдігі. Ал ол кезегінде еліміздің алдында Бәйдібек ауданының атын шығаруға зор мүмкіндік болмақ.