Шиқылдақ қаз жайлы не білеміз?

Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) – қазтектестер (тақтатұмсықтылар) отряды үйрек тұқымдасының қаз туысына жататын дене тұрқы ең кіші жыл құсы болып саналады.

Қазақстанда 2006 жылдан бастап, жыл сайын құстың бір түрі жыл құсы деп аталып келеді. Жыл құсын белгілеуді Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы мен Қазақстандағы құстарды қорғау қоғамының орнитолог ғалымдары ұсынады. Осындай ұсыныстардың негізінде 2006 жыл – тарғақ, 2007 жыл – қыстау қарлығашы, 2008 жыл – тырна, 2009 жыл – бозторғай, 2010 жыл – кәдімгі қараторғай, 2011 жыл – үлкен сары шымшық, ал 2012 жыл – дала қыраны, 2013 жыл- Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) жыл құсы деп танылды.

Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) – қазтектестер (тақтатұмсықтылар) отряды үйрек тұқымдасының қаз туысына жататын дене тұрқы ең кіші жыл құсы болып саналады.
Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) – қазтектестер (тақтатұмсықтылар) отряды үйрек тұқымдасының қаз туысына жататын дене тұрқы ең кіші жыл құсы болып саналады.

Шиқылдақ қаз (Anser erythropus) – қазтектестер (тақтатұмсықтылар) отряды үйрек тұқымдасының қаз туысына жататын дене тұрқы ең кіші жыл құсы болып саналады. Оның ересегінің салмағы 2,5 кг-нан аспайды. Сыртқы тұрпаты қазға ұқсас болып келеді. Ол өз атауына сәйкес шығаратын шиқылдаған дыбысы арқылы басқа қаздардан ерекшеленеді. Шиқылдақ қазды көзінің айналасындағы жарқын сары дөңгелек сызықтан ажыратуға болады. Тұмсығы қысқа, кішкентай, үш қырлы, ақшыл қызғылт. Жоғары маңдайына байланысты, басы дөңгелек көрінеді. Маңдайындағы ақ дақ ұзарып көзіне дейін, кейде төбесіне дейін жетеді. Басы мен мойны төсіне қарағанда қошқылдау. Аяғы сары, қызғылт сары. Жас қаздарда тырнақтары қара болып, басында ақ дағы болмайды. Денесінің ұзындығы 53-66 см, салмағы 1,3-2,3 кг.

Қазақстанда шиқылдақ қаз көктемгі және күзгі қоныс аудару кезінде Еділ-Жайық су айрығының солтүстік өңіріндегі өзен жағалауларынан бастап Семей, Қарағанды және Түркістан қалаларына дейінгі сулы алқаптарды ғана аялдап өтеді.

Елімізде 30 жыл бұрын шиқылдақ қазды аулауға рұқсат берілсе, бүгінгі таңда бұл құс Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағының Қызыл кітабына және Қазақстанның Қызыл Кітабына (2010) тіркелген әрі қатаң қорғауды талап етеді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде шиқылдақ қаздың саны 6-7 есе кеміген деген тұжырым жасалды.

Сәуірдің 1-і халықаралық құстар күні
Сәуірдің 1-і халықаралық құстар күні

Шиқылдақ қаз үш жаста ғана жыныстық жетіледі, әрі жұп құрып тіршілік етеді. Бір ұяға 4-тен 8 жұмыртқа салып, 28 күнде балапандарын өрбітеді. Балапандары 35-40 күнде қанаттары қатайып ұшуға жарайды.

Қазақстандағы құстардың ұшып өтер жолдарының бірі – біздің Боралдайтау мен Жабағылытау жоталарының түйіскен жеріндегі Шақпақ асуы. Ол жерлерден әр жылдың көктемінде солтүстік-шығысқа қарай 30-дан аса құстардың түрінен, ал күзде оңтүстік-батыс бағытында 150-ден аса түрлерден мыңдаған құстар ұшып өтеді. Олардың кейбірі біздің өңірді тұрақты мекенге айналдырып қалып қояды. Наурыз айының басында ерте көктем құсы нәурізек және дегелек құстары ұшып келді. Ал бірер күнде көк аспаннан тізіліп өткен тырналар мен қаздарды байқаймыз. Тырналардан кейін қарлығаш келеді. Ал сәуір айының соңына қарай көкқарғаның кезегі.

Айта кетейік, біздің парк аумағында құстардың 300-ге жуық түрі мекендесе, оның 30-түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Түрлердің алуан түрлілігінің көптігі Қаржантау (103 түрі), Талас Алатау (98 түрі), Өгем жотасы (92 түрі) және Машат-Дәубаба таулары (66 түр), Қазығұрт (63 түр) және Майдантал (48 түрі) тауларында анықталды. Осы құстардың ішінде маңызды деп саналатын 75 түрлеріне мониторинг жасалып, сандары тіркеуге алынған. Бұлардың көбі сирек әрі жойылып бара жатқан түрлер болып табылады: сақалтай, ителгі, лашын, дуадақ, ақбас тырна, дала қыраны, бұйра бірқазан, үкі, қоңыр кептер, қара дегелек. Парк мамандары тұрақты мекендейтін құстардың түрлерінің жағдайын бақылап, анықтап отырады.

Республикадағы рейтингтік көрсеткіштер бойынша қатарынан төрт жыл бойы жүлделі орынды иеленіп келе жатқан Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде білікті мамандар аз емес. Осы тұрғыда жыл сайын «Парктер шеруі» – акциясы барысында құстарды қорғауға ерекше көңіл бөлініп, құстардың көптеп мекендейтін жерлеріне арнайы құс ұялары жасалынып, жем шашылып отырады. Жергілікті тұрғындар арасында құстарды қорғау жөнінде әңгімелер өткізіліп, баспасөз беттерінде мақалалар жарияланып, теледидар, радио арқылы хабарлар ұйымдастырылады.

Құрманәлі Жүнісов, 

Сайрам-Өгем МҰТП бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары 

Рима Жарменова,

ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері