Шымкентте тағы екі балабақша ашылды

277

Шымкенттегі Самал және Тұлпар шағынаудандарындағы 320 орындық екі балабақша бүлдіршіндерді қабылдауға толық дайын. Құрылыс жұмыстары 2012 жылы басталған нысандар республикалық бюджет қаржысына салынды.

003

Әрқайсысының құрылысына 500 млн. теңгеден жұмсалған. Бүгінгі таңда мердігер мекемелер қажетті құралдарын жеткізіп, жабдықтауға кіріскен. Қалалық білім бөлімінің мамандары бұл балабақша наурыз айында балаларды қабылдайды деп мәлімдеді.