Оңтүстікте жер учаскесін беру мәселесі талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысында жер телімдерін беруге дайындық мәселелері талқыланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстікте жер учаскесін беру мәселесі талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаевтың төрағалығымен облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті. Жиналыста жеке үй салуға арналған жер учаскелерін беру үшін алаңшаларды дайындау мәселесі көтерілді.

Оңтүстікте жер учаскесін беру мәселесі талқыланды

Жақып Құттыбекұлы үйге жер учаскелерін беруге лайықты алқаптарды таңдау, инфрақұрылым жүргізуге нақты жобаларды дайындау, жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімінен тез арада жер алуға аса мұқтаждарды, мүгедектерді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды т.б. топтарға бөле отырып талдау жүргізу жұмыстары басты назарда тұрғанын айтты.

Жиын соңында Жақып Құттыбекұлы аудан әкімдіктері мен басқарма басшыларына тапсырмаларды жылдам әрі сапалы орындауды тапсырды. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 145 мыңнан аса азамат жер кезегінде тұр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР