Өмірден өтті өнер иесі

Оның ән әлеміндегі аяқ алысы өзгеше болатын. Жүректен жарып шыққан,нәзік үмітке қанат бітіріп, көкке әуелеген әсем әуендері тыңдаушысын баура п, әннің құдіретіне еріксіз бас игізетін.

Бірде сезімнің сырын шертсе, енді бірде табиғатпен тілдесіп, тіпті делебеңді қоздырып, «Алға қазақ жігіттері!» деп патриоттық рухқа шақырып, көңіл көкжиегін кеңейтетін әуезді әндері арқылы қолтаңбасы қалыптасқан әнші-композитор Ержан Серікбаев мезгілсіз дүниеден өтті.

Марқұмды ақтық сапарға 27-ші қыркүйек күні Арыс қаласында өз үйінен шығарып салады.