3 баланың анасын өлтірді деген күдікті ұсталды

Қаза болған келіншекке оқ атқан заңгер мамандығын игеріп жатқан 16 жастағы бозбала екен. Айғақ ретінде одан «Стражник»тапаншасын алған.
Естеріңізге сала кетейік, 13- қыркүйек күні травматикалық тапаншадан 29 жастағы келіншек қаза тапқан болатын. Сол кезде оның қасында болған 5 жасар ұлы аман-есен.Оқиға Түркістан көшесіндегі бір үйдің ауласында орын алған. Кешкі сағат 20-00 дер шамасында бірнеше колледждердің студері арасында қақтығыс болыпты.Осы уақытта маңынан өтіп бара жатқан келіншекке оқ атылады.Оқ оның желкесіне тиіп,3 баланың анасы сол жерде жарақаттан көз жұмады. Полицейлердің іздеу жұмыстарының нәтижесінде 16 жасар студент-бас күдікті болып отыр. Қазір қақтығысқа қатысты өзге де қатысушылар іздестірілу үстінде.