Шымкенттегі дендрологиялық саябақта ардагерлер аллеясы ұйымдастырылып отыр. Ұрпақтар сабақтастығы деп аталатын бұл ескерткіште немересін жетектеген қария бейнеленген. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді қазақ. Қариялардың өскелең ұрпақтың тәрбиесіне немкетті қарамайтындығын, ұрапқтар сабақтастығы жалғасып жатқандығын паш етуге тырыстық» дейді ардагерлер аллеясын ұйымдастырушы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов.
Ескерткішті, жалпы Ардагерлер аллеясын ашу қыркүйектің 30-ына жоспарланып отыр. Аллеяда сонымен бірге Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 20 тал отырғызылмақшы. Айта кету керек, ардагерлер арасында шахмат клубын, бильярд клубын ашқан республикадағы бірден бір Ардагерлер кеңесі Оңтүстік Қазақстан облысында