Түсіктің алдын алу шаралары

1652

ҚР – ның 2009 жылғы статистикасы бойынша 4 млн бала туу жасындағы әйелдің 123 мыңы жасанды түсік жасаған. Олардың көп бөлігін 15-19 жастағы қыздар құрайды.

Осындай шаралардың алдын алу мақсатында, әрі бойжеткендер санасында туындайтын сан алуан сұрақтарға жүзбе-жүз жауап беру үшін  гинеколог пен психолог   кеңес жүргізді. Мамандар оқу ордаларына барып, оқушылар мен студент жастарды мазалаған ашық не анонимді хат арқылы жіберген  сауалдарына жауап берді. Қыз-болашақ ана.

Дүниеге келген әрбір сәби дені сау, бақытты, қалаулы болуы керек. Жиналғандар мынадай сауалдарға тиянақты жауап ала алды. Етеккір циклінің бұзылуы, бейберекет жыныстық қатынас несімен қауіпті, контрацепция дегеніміз не, өзіміз жоспарланбаған жүктіліктен қалай қорғай аламын?
Мұндай кездесулер жыл бойы барлық оқу орындарында өтеді.