Жаңалықтар 

Құтқарушылар төл мерекелерін атап өтті

19- қазан құтқарушылар күні. 1995 жылы құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтықсыз еңбек етіп келеді. Жылдағы дағдысынан биыл да жаңылмай, олар төл мерекелерін 16 -рет кең көлемде атап өтті. Осыған байланыста Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер техникасының ерекше көрмесі ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардаптарын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді. Сол үшінде құтқарушылар қажетті құрал жабдықтармен барынша жарақтандырылуы тиіс.

Қырық метр биіктікті бағындыра алатын техниканың алатын орны ерекше. Яғни мұндағы алып мотор көпіршік суды 40 метірге дейін атқылай алады. Демек бұл техниканың 14 қабатты үйлерде орын алған өртті ауыздықтауға толық мүмкіндігі бар.
Әзірге алып субұрқақ іс жүзінде қолданылмапты. Тек оқу жаттығу кезінде ғана құрылғының қуаты саналған екен. Ерекше көрмені көруге жиылғандар құтқарушылардың әр түрлі құрал жабдықтары мен техникаларын тамашалап, тосын жағдайдағы мүмкіндігіне көз тойдырды.

Ал гидравликалық құралы 40 тонналық ауыр затты орнынан оп оңай қозғалта алады. Бұл аспап жер сілкінісі кезінде құлаған ауыр қыштарды көтеруге арналған. Ал мына кескіш қайшылар 5 тонналық қысымы бар темірлерді әп сәтте қиып түсіреді.

Құтқарушылар соңғы кездері жол көлік апаттарына жиі шақырту алады екен. Көлік ішінде қысылып қалған талай жанды құтқарып та жүргеніне куәміз. Соңғы жылдары мемлекет төтенше жағдайлар қызметкерлеріне барынша жағдай жасап келеді. Бүгінгі төл мерекеде тосын жағдайға тосқауыл қоятындар игі істері үшін марапатталып, үздіктердің шендері көтерілді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz