//
Жаңалықтар 

Өзіңізді сақтандыруды ұмытпаңыз

Бәле қайда, басқан аяқ астында. Сондықтан өз-өзіңізге сенімді болуыңыз үшін сақтандыруды ұмытпаңыз. “Сентрас Иншуранс” сақтандыру компаниясы бұл жүйенің қаншалықты маңызды екенін біледі. Осыған байланысты аталмыш ұйым таяуда шымкенттік мектеп оқушылары арасында “нс дети” акциясын ұйымдастырды.

Үш бірдей мектепті қамтыған акцияның алғашқы қорытындысы №7 мектеп-лицейінде шығарылды. Мұндағы шәкірттердің сақтандыру жүйесі туралы жазған шағын шумақтары мен осы тақырыптағы бейнелеу өнеріне дән риза болған компания басшылығы оларды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Шәкірттер ұялы телефон, мр-4 құрылғыларын алып шаттанса, ата-аналар жағы да қалыс қалмады. Оларға да осы акцияға белсенді қатысқаны үшін 200 мың теңгеге тегін сақтандыру қағазы берілді. Бұл шараға атсалысқандар сақтандыру жүйесінің қаншалық тиімді әрі маңызды екенін енді ұғына бастадық дейді.

“Сентрас Иншуранс” компаниясының Қазақстанда сәтті жұмыс атқарып келе жатқанына 15 жылдан асты. Ал оның оңтүстіктегі филиалы бес жылдан бері өңір тұрғындарын тиімді ұсыныспен сақтандырып келеді.

Аталмыш акция №10 және №1 мектеп-гимназиясында да ұйымдастырылды. Ондағы белсенділерге де көрсетілген құрмет осындай. Мектеп ұжымдары пайдалы әрі жағымды жүйені жақсы қабылдады.

Сақтандыру компаниясының өкілдері бұл жүйенің тиімділігі мен маңызын қоғам енді түсініп келе жатыр дейді. Оған “нс дети” атты акциясы да себеп болып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz