Úı ANONS Жұмысынан айырылған 92 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

Жұмысынан айырылған 92 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 92,2 мың адамды әлеуметтік төлем алды. Оның 87,3 мыңына мұндай төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.