Үш тілді меңгеру-еңселі елдің мақсаты

392
Оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-деп Қадыр ағамыз айтқан сөз, дәл бүгінгі семинардың мақсат, міндетін айқындап берді. Қазақ тілін білу-бұл өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің халқын, тілін құрметтеу болып табылса, орыс, ағылшын тілін білу арқылы заман көшіне ілесерің хақ.
Бүгінде елімізде мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі басым. Бұл-тәуелсіздіктің жетістігі. Елбасы биылғы Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға, 2020 жылға қарай 95 пайызға жеткізуді міндеттеді. Сол міндетті жүзеге асыру мақсатында 2015 жылға дейін мемлекеттік тілді меңгерген оңтүстікқазақстандықтардың үлесін 88 пайызға жеткізу жоспарлануда. Орыc тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі алдағы 5 жылда 70 пайызға жетеді.

Жолдауда 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін қазақстандықтардың саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс екендігі айтылды. Ал біздің облысымызда ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін 7,2 пайызға, үш тілді меңгерген халықтың үлесін 7,2 пайызға жеткізу межеленуде.

Өйткені қазақ елі әлемде үш тілді меңгерген, жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.

Бүгінгі облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған семинар – тренингтің барысында осы межеленген міндеттерге жетудің жолдары көрсетіліп, жасалып жатқан жұмыстар бағаланды. Жастар келешекте кемінде үш тілді-қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс.